“Aqyl battle” сайысын өткізді. » 39 лицей
Алматы қаласы Білім басқармасының
"Cұлтан-Ахмет Қожықов атындағы №39 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)2-72-11-79
Есепші бөлімі:
+7(727)2-22-18-31
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “Aqyl battle” сайысын өткізді.
22
ақпан
2024

“Aqyl battle” сайысын өткізді.





“Математика-иныорматика пәндер мұғалімдері” кафедрасының “Ашық сабақтар айлығы” аясында оқушылардың шеберлік, шығармашылықтарын ұштауда 26.01 күні математика мұғалімі Дуйсенбаева Анар Сейтжапбаровна 9-сынып оқушыларының командаларымен “Aqyl battle” сайысын өткізді.
Мақсаты: оқушылардың математикаға деген қызығушылығын арттыру, математикалық ойлау қабілетін дамыту, алған білімдерін тереңдету, есептеу дағдыларын жетілдіру. Оқушыларға өздік жұмысты бере отырып, есептер шығаруда алған білімдерін қолдана білу, шығармашылық қабілетін дамыту.
Топтық сайыс сыныптан тыс іс-шара 7-кезең бойынша “Альфа”, “Бетта” командалары жарысып, нәтижесінде “Бетта” командасы 1-орынды иеленді.
Сайыстың кезеңдері:
1. Сауаттылық (5 минут)
2. ⁠геометриялық лото (5 минут)
3. ⁠”Ақ серек, көк серек” ойыны (5 минут)
4. ⁠Додокаэдр әдісі (5 минут)
5. ⁠Миға шабуыл (10 минут)
6. ⁠Нысана көздеу (5 минут)
7. ⁠Суреттегіні қайтала (5 минут)
8. ⁠Қорытынды (5 минут)
Сайыста оқушылар шапшаңдық, логикалық ойлау, тез шешім шығару, математикалық сауаттылық дағдыларын көрсете білді