Ашық сабақтар айлығы » 39 лицей
Алматы қаласы Білім басқармасының
"Cұлтан-Ахмет Қожықов атындағы №39 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)2-72-11-79
Есепші бөлімі:
+7(727)2-22-18-31
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ашық сабақтар айлығы
22
ақпан
2024

Ашық сабақтар айлығы




24.01 күні математика пәні мұғалімі Төлеубекқызы Құралай 7 “А” сыныбының 2-тобымен геометриядан “Үшбұрыштың бұрыштарының қосындысы” тақырыбымен өткен ашық сабағында оқу және сабақ мақсатына сай сабақтың ұйымдастыру бөлімінде таратпа қағаз арқылы оқушыларды топқа бөліп үй тапсырмасын тексеру және өткен сабақтағы білімдерін wordwall.net әдісімен өзектіледі. Топтық жұмыста оқушылар зерттеу жұмысы арқылы жаңа сабақты берілген дескриптор арқылы өздері үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы 180 градус болатының дәлелдеп көрсетті. Жұптық жұмыста wordwall.net платформасында оқушылар жұп болып ұяшықтарды таңдай отырып сұрақтарға жауап берді. Жеке жұмыстарында оқушыларға саралау тапсырмалары тест түрінде беріліп, оқушылар дұрыс жауаптарын параққа белгіледі. Мұғалім ZipGrade бағдарламасы арқылы дұрыс қатесін тексеріп шығып, балдарын есептеп көрсетті. Сабақ соңында “Нысана” әдісі арқылы оқушылар сабақтан алған әсерлері бойынша рефлексия жүргізілді. Сабақта оқушылардың белсенділігін көрсете білді

Похожие публикации:

27 желтоқсан 2023 Ашық сабақтар айлығы