Ашық сабақтар айлығы » 39 лицей
Алматы қаласы Білім басқармасының
"Cұлтан-Ахмет Қожықов атындағы №39 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)2-72-11-79
Есепші бөлімі:
+7(727)2-22-18-31
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ашық сабақтар айлығы
14
ақпан
2024

Ашық сабақтар айлығы




16.01 математика мұғалімі Есберген Айгүл Полатқызы 7 “В” сыныбының 1-тобымен “Екі өрнектің қосындысының квадраты (есептер шығару)” тақырыбымен өткізген ашық сабағында бір-біріне жақсы тілек айтумен психологиялық жағымды ахуал тудырып, сабақты ұтымды ұйымдастырды. Алдын ала бөлінген 3 топпен жұмыс барысында “Боулинг” ойыны әдісімен өткен сабақ материалын әр топ кезекпен тест тапсырмаларын орындады. Жаңа сабақта топтағы жеке жұмыста саралау тапсырмаларын таратпа қағаздармен оқушылар жұмыс істеді. Оқулықпен жұмыс көпмүшені екінші көпмүшенің квадраты түрінде жазуда топтың ішіндегі жұптық жұмысы орындалды, оқушылардың әр тапсырмасы доллармен бағаланып отырды. Топтық жұмыста үш топқа бір деңгейде есептер беріліп, бірнеше есеп мағынасымен таныс болды, тез әрі дұрыс шығарған топ доллармен бағаланды. Сабақтың дескрипторлары бар, интерактивті тақтаны көрнекілік ретінде кеңінен қолданды. “Жұлдызды сәт” әдісімен wordeell.net платформасындағы спиннер арқылы сәйкестендіру тапсырмалары ұпайы аз оқушыларға арналып, жауап берген оқушыларға 200$-ға ие болды. Оқушылар Qr-code арқылы www.padlet.com сайтына кіріп, рефлексия жасалды

Похожие публикации:

27 желтоқсан 2023 Ашық сабақтар айлығы
15 желтоқсан 2023 Ашық сабақтар айлағы