Ашық сабақтар айлығы » 39 лицей
Алматы қаласы Білім басқармасының
"Cұлтан-Ахмет Қожықов атындағы №39 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)2-72-11-79
Есепші бөлімі:
+7(727)2-22-18-31
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ашық сабақтар айлығы
08
қаңтар
2024

Ашық сабақтар айлығы








“Ғылыми-жаратылыстану пәндер мұғалімдері” кафедрасының “Ашық сабақтар айлығы” аясында география мұғалімі Естемесова А.Т. “Дүниежүзілік мұхиттың географиялық жағдайы” тақырыбымен 7 “Ә” сыныбымен өткізген ашық сабағында ұлттық құндылықты дәріптеу мақсатында “Қонақтарды дастарханға жайғастыру” ілімімен дайын тізім бойынша 4 топқа біріктірді. “Шаттық шеңбері” әдісімен гидросфераның құрамбөліктерін қатыстырып, тілек айтып, әр оқушы өз жұбын тауып, психологиялық жағымды жағдайды қалыптастырды. “Quizizz” арқылы тест жұмысын алып үй тапсырмасы сұралды. Тақырып бойынша жаңа сабақты түсіндіріп, “Өрмекші” әдісімен жоспар ұсынып, топтық жұмыс тапсырмасы орындалды. Оқушылар белсенділік танытты. Бағалау жүйесі өте ұқыпты жүргізілді. “Ойлан-жұптас-бөліс” жұптық жұмыста оқушыларға жоспар беріліп, дискрипторға сәйкес топтың ішінде жұппен жұмыс орындалды. Жаңа білімді меңгерту және меңгеру қорытындысына орай “Нысандардың орнын тап” әдісімен жаңа сабақты бекітіп, кері байланыс орнатылды. Қалыптастырушы бағалау нәтижесін мұғалім шығарып, бағалады. “Padlet.com” платформасында “БББ” кестесімен рефлексия оқушылар тарапынан берілді. Картамен кеңінен жұмыс жасалды. Оқушылардың картамен жұмыс дағдылары қалыптасқан. Сабақ тартымды, қызықты өтті.