01
ақпан
2026
Лицейдегі ата-аналар жиналысы



Сұлтан Ахмет Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицейде
ата-аналар жиналысы өтті.
Жиналыс барысында келесі маңызды мәселелер қарастырылды:
🔹 І жартыжылдықтың қорытындысы мен талдауы;
🔹 Антитеррористік қауіпсіздік және төтенше жағдайлар кезіндегі іс-әрекеттер;
🔹 Киберқауіпсіздік мәселелері, интернеттегі қауіп-қатерлердің алдын алу;
🔹 Түрлі өзекті мәселелер бойынша ата-аналармен пікір алмасу.
Жиналыстың негізгі мақсаты – оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету,
ата-ана мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайту,
сондай-ақ білім беру мен тәрбие үдерісіндегі өзара байланысты арттыру.
Ата-аналар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар беріліп,
алдағы жұмыстардың бағыттары айқындалды.
🤝 Бала қауіпсіздігі – баршамызға ортақ жауапкершілік