03
желтоқсан
2025
С.А. Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицейде 5-сыныптарға арналған Ашық есік күні ата-аналар жиналысы өтті



С.А. Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицейде 5-сыныптарға арналған Ашық есік күні ата-аналар жиналысы өтті
Бүгін С.А. Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицейде 5-сынып оқушыларының ата-аналары үшін Ашық есік күні ұйымдастырылып, соның аясында ата-аналар жиналысы өткізілді. Шараның мақсаты — ата-аналарды лицейдің оқу-тәрбие жүйесімен таныстыру және оқушылардың бейімделу үдерісін талқылау.
Лицей директоры С.А. Ходжикаов ата-аналармен ашық пікір алмасып, жаңа оқу жылындағы басым бағыттар, тәртіп талаптары, оқу сапасын арттыру және қауіпсіздік шаралары туралы жан-жақты ақпарат берді. Ата-аналардың сұрақтарына нақты жауаптар ұсынылды.
Сынып жетекшілері оқу бағдарламасының құрылымы, 5-сынып оқушыларының бейімделу ерекшеліктері және лицейде жүргізілетін тәрбие жұмыстары туралы баяндады.
🤝 Ата-аналар лицей ұжымымен тығыз байланыста жұмыс істеуге ниет білдіріп, өз ұсыныстарын ортаға салды.
Осындай Ашық есік күні форматындағы кездесулер — ата-ана, мектеп және оқушы арасындағы сенімді байланысты нығайтып, баланың табысты білім алуына үлкен қолдау көрсетеді.