24
желтоқсан
2025
Лицейде ата-аналар жиналысы өтті

Лицейде ата-аналар жиналысы өтті
Лицейде оқушылардың оқу-тәрбие процесін жетілдіру, білім сапасын арттыру және ата-аналармен ынтымақтастықты нығайту мақсатында ата-аналар жиналысы өткізілді.
Жиналыс барысында:
оқу үлгерімі мен тәртіп мәселелері;
оқушылардың қауіпсіздігі;
тәрбие жұмысының бағыттары;
мектеп пен ата-ана арасындағы өзара байланыс мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар ата-аналардың ұсыныс-пікірлері тыңдалып, өзекті сұрақтарға нақты жауаптар берілді. Мұндай кездесулер оқушының жан-жақты дамуына оң әсерін тигізіп, ортақ жауапкершілікті күшейтеді.
Лицей ұжымы ата-аналарға белсенді қатысып, қолдау көрсеткендері үшін алғыс білдіреді.
Бірлесе әрекет етсек, жарқын болашаққа бірге қадам басамыз!