Ашық сабақтар айлығы » 39 лицей
Алматы қаласы Білім басқармасының
"Cұлтан-Ахмет Қожықов атындағы №39 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)2-72-11-79
Есепші бөлімі:
+7(727)2-22-18-31
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ашық сабақтар айлығы
08
қаңтар
2024

Ашық сабақтар айлығы






“Ғылыми-жаратылыстану пәндер мұғалімдері” кафедрасының “Ашық сабақтар айлығы” аясында биология мұғалімі Әбілдаева А.Н. “Буылтық құрттардың (жауын құрты), ұлулардың, буынаяқтылардың және омыртқалардың жүрегі және қан тамырларының құрылысы мен қызметі” тақырыбында 05.12 күні 8 “В” сыныбымен ашық сабақ өткізді. Сабақты ұйымдастыруда оқушылардың психологиялық жағымды орта қалыптастыруда “Комплимент” әдісін ұтымды қолданды. “Flippity” әдісімен сыныпты 3-топқа бөлді: “Тапқырлар”, “Алғырлар”, “Зеректер”. Өткен сабақты қайталауда 3-топқа 3 түрлі сұрақ қойылып, оқушылар белсенді жауап берді. Жаңа сабаққа кіріспе ретінде “Көзбен көретін айғақтармен жұмыс” айдарымен сұрақ-жауап арқылы жаңа сабаққа сілтеме жасалды. Сабақ барысы презентация материалдары арқылы өткізілді. Бейнекөрініс көрсетіліп, рөлдік ойын негізінде оқушылар оқулық т.б. қосымша материалдармен әр топ оқушылары өздеріне берілген тапсырмаларына сай iзденіс жұмыстарын жүргізді. Сабақ соңында БББ әдісімен рефлексия жасалып, сабақ барысы қорытындыланды.