Ашық сабақтар айлағы » 39 лицей
Алматы қаласы Білім басқармасының
"Cұлтан-Ахмет Қожықов атындағы №39 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)2-72-11-79
Есепші бөлімі:
+7(727)2-22-18-31
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ашық сабақтар айлағы
31
қаңтар
2024

Ашық сабақтар айлағы




Физика пәнінің мұғалімі Болат Думан Болатұлы
8 сыныппен “Электр зарядының сақталу заңы, Кулон заңы” тақырыбымен өткізген ашық сабағында “Анти-жалқаулық” әдісімен психологиялық жағымды ахуалды қалыптастырып, “Qazmath” платформасымен 2 топқа бөлді: “Нейтрон”, “Электрон”. “Додекаэдр” әдісімен үй тапсырмасы тексерілді. Жаңа сабақты “Ой қозғау” әдісімен “Corinth 3D” платформасымен физикалық құралдарды 3d модельде қолдану арқылы жаңа тақырыпты ашты. Кулон тәжірибесін көрсете отырып, топтық жұмыста тәжірибе жасап, топтар бір-бірін бағалады. “Көршіңмен кеңес” әдісімен топтың ішіндегі жұптық жұмыста есептер шығарып, дәптермен жұмыс жасады. Ынталандыру әдістері қолданылды. Сабақ барысында орындаған тапсырмалар аясында алған жаңа білімдерін бақылау және бекіту мақсатында “Кім жүйрік” әдісімен сұрақтарға жауап беруде жеке жұмыс жасалды. Смайлик әдісімен оқушылар сабаққа рефлексия жасап, мұғалім тарапынан білім пирамидасы арқылы 3 сатыда білімдерін бағалады. Сабақ қызықты да, тартымды өткізілді