Ашық сабақтар айлығы » 39 лицей
Алматы қаласы Білім басқармасының
"Cұлтан-Ахмет Қожықов атындағы №39 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)2-72-11-79
Есепші бөлімі:
+7(727)2-22-18-31
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ашық сабақтар айлығы
14
ақпан
2024

Ашық сабақтар айлығы





18.01 күні математика мұғалімі Мәсіпов Бауыржан Бақытжанұлы 11 “А” сыныбының 2-тобымен геометриядан “Конус және оның элементтері. Конустың жазбасы” тақырыбымен өткен ашық сабағында оқу және сабақ мақсатына сай өз бетімен білім алу, оқушының өзіндік шешімін қалыптастыру, бірі-бірінің пікірлерін құрметтеу құндылығына қүрылған сабақ үлгісін көрсетті. Көңіл-күйлерін сұрау арқылы “Сізге рақмет” әдісімен бір-біріне ізгі-тілектерін білдірді. Өткен сабақты қайталауда сұрақ-жауап арқылы екі топқа бөлінді. Жаңа білім беруде мұғалім қиылған конустың бүйір бетінің жазбасын ұсынып, жауаптарына сай есептер шығарып, флрмулаларын жазды. Топтағы жеке жұмыста дескрипторға сәйкес шығарған есептері, сонымен қатар топтағы жұптық жұмыстар орындалып, әр тапсырмалары 1 балмен бағаланды. Топтық жұмыс мазмұны өмірмен, әрі ұлттық құндылықтарымызбен байланыстырып, 1-топ қазақ үйдің биіктігі мен ұзындық өлшемін беріп, 2 метр қазақ үйді жабуға қанша киіз кететінін анықтау, ал 2-топ оқушылары конус тәрізді өрт сөндіру шелегін жасау үшін ұзындығы 2 метр, ені 1 метр болатын тікбұрышты қаңылтырдан стандартқа сай қанша өрт сөндіру шелегін жасауға болатынын сызба салып, дескрипторға сәйкес есептеп шығарып, топтық жұмыста постер қорғады. Әрбір орындалған дескриптор талаптары 1 балмен бағаланды. Оқушылар үшін осындай өмірмен, ұлттық құндылықтарға сай тапсырмалар оқушылардың қызығушылығын оятты. Стикерлермен оқушылар рефлексия жасап, мұғалім уақытын ұтымды пайдалана білді.

Похожие публикации:

27 желтоқсан 2023 Ашық сабақтар айлығы