Ашық сабақтар айлығы » 39 лицей
Алматы қаласы Білім басқармасының
"Cұлтан-Ахмет Қожықов атындағы №39 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)2-72-11-79
Есепші бөлімі:
+7(727)2-22-18-31
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Ашық сабақтар айлығы
14
ақпан
2024

Ашық сабақтар айлығы





17.01 күні математика мұғалімі Молдаханова Гулназ Бейсеновна 5 “В” сыныбымен “Ондық бөлшектерді қосу және азайту” тақырыбымен ашық сабақ өтті. Сабақты ұйымдастыруда жағымды психологиялық ахуалды тудырып, бизнеске қатысты термин сөздер “Бутстреппинг”, “Роадмап”, “Необанктер” деген үш топқа бөлді. Үй тапсырмасы тексеріліп, ChatGPT жасанды интеллект арқылы өткен сабақ материалы қайталанды. Жаңа білім беруде сабақ мақсатына сай ой түрткі ретінде бейнематериал көрсетіліп, оқушыларға “Алтын қор” монеталары таратылды. Әр берілген тапсырмалаларда монеталарды жинау арқылы бағалау үдерісі жүргізілді. Теориялық білімдерін практикада қолдану мақсатында топтық жұмыста үш топ С деңгейіндегі тапсырмалармен қамтылды. Оқушыларға салық, экономика саласы бойынша сұрақтар қойылып, оқушылар еліміздегі экономика, қаржылық сауаттылық туралы білімдерін көрсете білді. Тапсырмалардың мазмұны оқушылар үшін өте қызықты болды. Себебі, еліміздің ірі салық төлеуші корпорациялары мен компаниялардың кірісі, бюджетке төлейтін салық нарығы және қанша ірі салық төлеуші компониялар бар екенін сабақ тақырыбына сәйкес есептеп шығару оқушылардың қызығушылығын тудырды. Яғни, сабақ мазмұны дәстүрден тыс сабақ өмірмен байланыстылығы. Еліміздің экономикасында оқушылар өздерін қаржыгер, экономист ретінде көре алуы, аналитик ретінде мәселелерді шешуі - өздерін болашақ маман ретінде сезінуге мұғалім мүмкіндік туғызды. Қосымша тапсырмалар беріліп “Ойлан, жұптас, пікірлес” стратегиясымен жұптық жұмыстар орындалып, өзара бағалау болды. OnlinetestPad арқылы кері байланыс жасалып, өздік жұмыстарында платформаның балдық жүйемен бағалауы арқылы білім нәтижелері шықты. Сабақтың рефлексиясында “Алтын қор” монеталарынан 40% мемлекет үшін салық ретінде төлеу ұсынылды. Сабақта мұғалім математика мен еліміздің экономикалық, қаржылық мәселелермен сабақтастығын көрсетті

Похожие публикации:

27 желтоқсан 2023 Ашық сабақтар айлығы
27 желтоқсан 2023 Ашық сабақтар айлығы