Ашық сабақтар айлығы » 39 лицей
Алматы қаласы Білім басқармасының
"Cұлтан-Ахмет Қожықов атындағы №39 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)2-72-11-79
Есепші бөлімі:
+7(727)2-22-18-31
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ашық сабақтар айлығы
31
қаңтар
2024

Ашық сабақтар айлығы







15.01 күні математика мұғалімі Қанатова Әсем Қанатқызы 5 “Б” сыныбымен “Ондық бөлшектерді қосу және азайту” тақырыбымен ашық сабақ өткізді. Оқу және сабақ мақсатына сәйкес топты “flippity.net” сілтемесімен кездейсоқ түрде 3 топқа бөлді. Ауызша үй тапсырмалары тексеріліп, жағымды психологиялық ахуал тудыруда Эйлер атты жасанды интеллект оқушыларға сәттілік тіледі. Мұғалім сабағының әр бөлімін денсаулыққа қатысты нақыл сөздерден құралған эпиграфпен бастады. “Дені сау ұрпақ - ұлт болашағы” арқылы стол теннисімен байланыстырды. Әр топқа ракетка ұсынылып, теннис добын жинау - бағаулауға арналды. Өткен сабақты “Сандар сөйлесін” әдісімен сандар жазылған әр топқа екіден үлестірме берілді. Оқушылар ауызша жауап беріп, формативті бағалау болды.
Жаңа сабақта есептер жазылған ракеткалар топқа үлестіріліп, әр топ орындап болғаннан кейін ракетканың 2-ші жағында өлең шумақтарын құрастырды. Теннис добымен бағалауда 1 есеп 1 балл, яғни 1 доп 1 балл. “Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде” нақыл сөзбен жұптық жұмыс саралау әдісіне арналды, дескрипторлары мен бағалау көрсеткіші берілді.
“Ой қозғау” әдісімен “ “Шынықсаң шымыр боларсың” девизімен “Математикалық ондық бөлшектердің шығу тарихы” бойынша StBoard тақтасы арқылы бейнеролик көрсетіліп, сұраққа жауап беріп, математиканың құндылығын оқушылар аша білді. Топтың ішіндегі жеке жұмысқа тест тапсырмалары беріліп, “Online TestPad” платформасымен алған білімдерін бекітті. “Онлайн тақта” әдісімен рефлексия жасалды. Әсем Қанатқызының сабағы құндылыққа толы, оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын қалыптастыру бағытында сапалы сабақ түрін көрсетті.

Похожие публикации:

27 желтоқсан 2023 Ашық сабақтар айлығы
27 желтоқсан 2023 Ашық сабақтар айлығы