Ашық сабақтар айлығы » 39 лицей
Алматы қаласы Білім басқармасының
"Cұлтан-Ахмет Қожықов атындағы №39 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)2-72-11-79
Есепші бөлімі:
+7(727)2-22-18-31
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ашық сабақтар айлығы
22
ақпан
2024

Ашық сабақтар айлығы





8.01 күні математика мұғалімі Құрақ Гаухар Шегебайқызы 8 “А” сыныбының 1-тобымен геометриядан “Параллелограмның ауданы” тақырыбымен өткен ашық сабағында оқу және сабақ мақсатына сай өз пікірін білдіре алу, өзіндік шешімін қалыптастыру, бірі-бірінің пікірлерін құрметтеу, тыңдай алу құндылығына сабақ жоспары құрылды. Топқа бөлу өткен тақырыпты қайталаумен байланыстырылып, сурет бөліктерін құрастыру арқылы “Пазл” әдісімен жүзеге асырылды. Жаңа білім беруде мұғалім оқушыға жетелеуші сұрақтар қою арқылы балалардың өздері қорытып шығаруына мүмкіндік берді. Топтық жұмыс мазмұны өмірмен байланыстырылып Германия, Испания елдеріндегі параллелограмм пішінді ғимараттар туралы, күнделікті жаяу жүргіншілер жолындағы параллелограмм пішінді тастар туралы есептер берілді. Әрбір орындалған дескриптор бойынша бағаланды. Оқушылар үшін осындай өмірмен байланысты тапсырмалар оқушылардың қызығушылығын оятты. Сабақты қорытындылау Educaplay бағдарламасы арқылы тест түрінде берілді. Кері байланыс “Жетістік баспалдағы” әдісімен жасалды. Жалпы сабақ ұтымды, түсінікті, тиянақты түрде өтті.

Похожие публикации:

27 желтоқсан 2023 Ашық сабақтар айлығы