Ашық сабақтар айлығы » 39 лицей
Алматы қаласы Білім басқармасының
"Cұлтан-Ахмет Қожықов атындағы №39 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)2-72-11-79
Есепші бөлімі:
+7(727)2-22-18-31
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Ашық сабақтар айлығы
14
ақпан
2024

Ашық сабақтар айлығы





26.01.2024 күні математика пәні мұғалімі Құрақ Мейрамбек Шегебайұлы 10 Ә сыныбы оқушыларымен “Квадрат теңдеуге келтірілетін жоғары дәрежелі теңдеулерді шешу” тақырыбында ашық сабақ өткізді. Flippity.net генераторын пайдалану арқылы оқушыларды екі топқа бөліп алынды. Жаңа тақырыпты алдыңғы білімдерімен ұштастыра отырып, оқушылар мұғалімнің нұсқаумен өздері түсіндіріп шықты. Содан кейін жұптық тапсырмалар беріліп, жауаптарды тиісті әріптерге сәйкестендіру арқылы ЖҮСІПБЕК сөзі құрастырылды. Жүсіпбек Аймауытов жайлы бейнеролик көрсетіліп, оқушыларды атамыздай елін сүйер азамат болуға үндеді. “Кейс-стади” әдісі көмегімен оқушылар қиындық деңгейі жоғары есепті топ болып қорғап шығып, барлық оқушыларға түсіндірді. Socrative платформасын пайдаланып, оқушылардың жекелей тапсырмаларды тест түрінде орындата отырып, сабақты қаншалықты меңгергендігі анықталды. Сабақ соңында “Білім почтасы” әдісі арқылы сабақтан алған оқушылардың әсерлері бойынша рефлексия жүргізілді. Сабақ өте ұтымды, тиянақты әрі нәтижелі ұйымдастырылды