20
наурыз
2025
Ұлттық спорт күніне орай лицейімізде ұстаздар мен оқушылар арасында тоғызқұмалақ ойынынан жарыс ұйымдастырылды




Ұлттық спорт күніне орай лицейімізде ұстаздар мен оқушылар арасында тоғызқұмалақ ойынынан жарыс ұйымдастырылды. Бұл зияткерлік бәсеке қатысушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытып, ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын арттыруға ықпал етті. Жарыс барысында қатысушылар шеберліктерін көрсетіп, тартысты ойын өрнегін ұсынды. Шара соңында жеңімпаздар анықталып, арнайы марапаттар табысталды