30
наурыз
2022
Математика-информатика пәндер мұғалімдері кафедрасының онкүндігі
"Шәкірті зейінді келеді,
Ұстазы бейілді болса" демекші ашық сабақтар өткізуде оқушылардың бойына нәтижеге жету дағдыларын және құндылықтарын қалыптастыру әдісін қолданып, математика мұғалімі А.А. Адырова ерекше сабақ үлгісін көрсетті. Математика саласы әркезде де оқушы қажеттілік ететін пән ретінде қаралса, шәкірттеріміз осы пәннен жетістікке жетуге талпынады. Осы орайда М.Ш. Құрақ 8 сыныппен өткізген ашық сабағында күрделі есептерді оқушылармен бірлесе шығарып, бөлшек функцияның графигін салуды әр оқушымен жеке, топпен жұмыс жасау жүйесімен бөлісті. Тәжірибелі ұстаз К.А. Сеитова жаңартылған мазмұнда білім берудің әдіс-тәсілдерін сабақтың барлық құрылымына кең көлемде қолданып, оқушылардың ой ұшқырлығы мен ұстаздың шеберлігін танытқан әріптестері арасында ерекше сабақ түрімен бөлісті. "Жас келсе, іске" дегендей, жас маман Б.Б. Мәсіпов 9 "Ә" сыныбымен топпен, жұппен, жеке жұмыстарды жасатып, сандық технологиялар және стратегиялар бірлігін тығыз байланыстыра оқушы қызығушылығын оята білді.