Онкүндік күнделігінен/ тарих пәнінің мұғалімдерінің ашық сабақтары » 39 лицей
Алматы қаласы Білім басқармасының
"Cұлтан-Ахмет Қожықов атындағы №39 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)2-72-11-79
Есепші бөлімі:
+7(727)2-22-18-31
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Онкүндік күнделігінен/ тарих пәнінің мұғалімдерінің ашық сабақтары
25
желтоқсан
2021

Онкүндік күнделігінен/ тарих пәнінің мұғалімдерінің ашық сабақтары

Қоғамдық-гуманитарлық пәндер онкүндік аясында тарих пәнінің мұғалімдері ерекше ашық сабақ үлгілерін көрсетті,  топпен жұмыс кезінде мұғалімдер тарихтан ашық сабақтарда да әр топқа модератор ретінде  бөлініп,  оқушылар тобымен бірлесе жұмыс істеді. Атап айтсақ, А.А. Атыгаев 9 "А" сыныбымен "Қазақстандағы 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы", С.М. Косалбаева 10 "Г" сыныбымен "Қазақтардың ру-тайпалық құрылымы, қалыптасуының тарихи шарттары", Ш.К.Искакова 7 "А" сыныбымен "1836-1838 жылдардағы Бөкей ордасындағы шаруалар көтерілісі,  М.Ж.Утенова 11 "В" сыныбымен "Моңғол шапқыншылығы" тақырыптарында өткізген ашық сабақтарында сандық технологияның элементтерін, соның ішінде QR код арқылы үй тапсырмалары мен өткен сабақты өзектілеу тиімділігі, тарихи кезеңдер мен оқиғаларға құралған қиындылар арқылы картамен байланыстыра құрастыру, кезеңмен жүйелеу, өзара бағалау, домина ойыны арқылы сабақты қорыту сандық, ақпараттық технологияның замануи қолданыстағы әдістерімен тарих сабақтарының әрбір кезеңінде қызықты да, ұтымды, ерекше тәсілдермен сабақ барысы сүйемелденді.
     Тарих пән мұғалімдері абайтанушы Омар Жалелмен өткізген кездесу форумы тағылымы мол іс-шара лицей оқушылары мен ұстаздар қауымы арасында ерекше әсер қалдырды.