04
сәуір
2022
Математика-информатика пәндер мұғалімдері кафедрасының онкүндігі
Онкүндік жоспарына сәйкес информатика пәнінен Г.А. Малыбаева 5 "Б" сыныбымен "Робо-сумо" тақырыбында өткізген ашық сабағы оқушылар үшін өте қызықты болуымен қатар, ізденістері мен шығармашылықтарын танытатын сабақ түрін көрсетті. Wordwall.net бағдарламасысен топқа бөілініп, Learningapps программасын пайдаланып әрекет ету блоктарымен жұбын тауып, Lego Vindstorms Education EV3 программасымен робо сумо программасын әр топ оқушылары құрып, дескрипторға сәйкес роботтарымен қажетті блок бойынша іске қосып, роботтармен іс-әрекеттер орындалды.
9 "Г" сыныбымен "Тригономериялық формулалар" тақырыбында оқушылар бойынша патриоттық сезімдерін және адами құндылық негізін қалауда қазақ батыры, ардагер Б. Момышұлының мұрасымен байланыстырды. Үй жұмысын тексеруде "Таза тақта" әдісін, жаңа білімді меңгертуде "Жалғасын тап", сондай-ақ мадактау әдісімен бағаланып отырды. Мұғалім оқушылар білімін аса тиянақтылықпен бақылап, бағалап отыруы, әрбір іс-әрекеттерінде реттілік, жүйелілік, жинақылықты шебер көрсете білді және осы ырғаққа оқушылардың қалыптасқындығы байқалды. Жас буын ұстаздар мол тәжірибе алып, өзара тәжірибе алмасты.
7 "Б" сыныбымен информатикадан "Python" бағдарламасымен практикалық жұмыс жасауда оқушылар арасында психологиялық ахуал тудыра отырып, Wordwall.net-пен топқа бөліп, "Socrative Teacher" платформасында тест тапсырмалары орындалып, өткен сабақ өзектіленді. "Python" бағдарламасымен тапсырмалар орындап, әр оқушы топтың ішінде жеке жұмыс жасады. Сұрақ-жауап арқылы орындаған тапсырмалары бойынша кері байланыс жасалып, сызба құруда екі топ жарыс түрінде практикалық жұмыс орындалды. Сабақта оқушылар белсенділігі жоғары болды. Жалпы математика-информатика онкүндігі сандық технология, АКТ қолдану тиімділігімен, оқушылардың пәнге қызығушылығын, белсендігін көрсете алу дағдыларымен ерекшеленді. Жалпы әріптестер тарапынан уақытты тиімді пайдалану барысында ұсыныстар берілді.