Алматы қаласы Білім басқармасының
"Cұлтан-Ахмет Қожықов атындағы №39 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)2-72-11-79
Есепші бөлімі:
+7(727)2-22-18-31
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ТӘЖІРИБЕ. НӘТИЖЕ. ШЕШІМ.
17
желтоқсан
2025

ТӘЖІРИБЕ. НӘТИЖЕ. ШЕШІМ.








ТӘЖІРИБЕ. НӘТИЖЕ. ШЕШІМ.
Алматы қаласы, С.А. Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицейде математика–информатика пәндер мұғалімдері кафедрасының онкүндік аясында ғылыми-әдістемелік іс-шара өткізілді.
Іс-шара Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің математика кафедрасы мен лицейдің математика–информатика кафедрасы арасындағы академиялық және әдістемелік іс-тәжірибе алмасуға бағытталды.
Лицей мен университет арасындағы әріптестік байланыс негізінде халықаралық тәжірибені зерделеу мақсатында Түркия Республикасы, Анадолу университетінің математика және жаратылыстану ғылымдары кафедрасының профессоры Абдулқадір Ердоған арнайы шақырылды. 🇰🇿🇹🇷
Бағдарлама аясында 10 «В» сыныбында «Оқиғаның ықтималдығы» тақырыбында Өмірзақ Мағжан Қалымжанұлы ашық сабақ өткізіп, сабақ соңында математика - информатика пән мұғалімдері мен профессордың қатысуымен әдістемелік талдау жасалды.
Аталған іс-шара педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға, халықаралық академиялық ынтымақтастықты дамытуға және пәнді оқытудың сапасын жетілдіруге бағытталды.
📅 09.12.2025