Алматы қаласы Білім басқармасының
"Cұлтан-Ахмет Қожықов атындағы №39 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)2-72-11-79
Есепші бөлімі:
+7(727)2-22-18-31
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Мектеп пен жоғары оқу ынтымақтастығы – математика пәні мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру жолы».
03
желтоқсан
2025

«Мектеп пен жоғары оқу ынтымақтастығы – математика пәні мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру жолы».


21 қараша 2025 жылы Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде Физика, математика және цифрлық технологиялар институтының Математика кафедрасы, Алматы қаласы білім басқармасы, Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы және С.А.Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицейдің бірлесіп ұйымдастыруымен қалалық ғылыми-әдістемелік семинар өтті.

Іс-шараның тақырыбы: «Мектеп пен жоғары оқу ынтымақтастығы – математика пәні мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру жолы».

Семинардың мақсаты – университет пен орта білім беру ұйымдары арасындағы педагогикалық тәжірибе алмасуды кеңейту, өзара ынтымақтастықты нығайту, заманауи оқыту әдістемелерін жетілдіру және педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға бағытталған тиімді байланыстарды дамыту.

Іс-шара барысында математика пәні мұғалімдерінің кәсіби дамуына бағытталған баяндамалар ұсынылып, тәжірибелік материалдар талқыланды. Қатысушылар ортақ мәселелер бойынша пікір алмасып, мектеп пен жоғары оқу орны арасындағы серіктестікті жетілдірудің жаңа мүмкіндіктерін қарастырды.

Семинар Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің 215 конференц-залында өтті. Ұйымдастырушылар шараның білім беру сапасын арттыруға, педагогикалық қауымдастықтың кәсіби дамуын қолдауға және тығыз әріптестік орнатуға маңызды үлес қосатынын атап өтті.