11
мамыр
2025
“Оқушылардың ақпараттық құзіреттілігін, функционалдық сауаттылығын арттыру - заман талабы” тақырыбында лицейде ғылыми-әдістемелік семинар өткізілді








2025 жылдың 24 сәуірінде Алматы қ. Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының әдіскерлері Жакыпова Н.Б., Турысбекова А.К. құзіреттілігімен жүргізіліп жатқан “Функционалдық сауаттылық” құзіреттілік орталығы жұмыс жоспарына сәйкес “Оқушылардың ақпараттық құзіреттілігін, функционалдық сауаттылығын арттыру - заман талабы” тақырыбында лицейдің ғылыми-әдістемелік жұмысы тарапынан қалалық ғылыми-практикалық семинар ұйымдастырылып өткізілді.
Семинар жұмысы 3 бөлім жұмысымен қарастырылып, І бөлім жұмысы төмендегі бағытта өрбіді:
1. “Тәжірибе - шеберлік кілті” бөлімінде лицей директоры Маликова Н.Т. “Білім беру жүйесіндегі менеджменттің рөлі мен маңызы” тақырыбында лицейді басқару жүйесімен және маңызды нәтиже, жетістіктермен таныстырды.
2. Лицей қонақтарына сөз берілді. Сонымен қатар “Өрлеу” БАҰО” АҚ математика пәнінің кураторы сөз сөйлеп, лицей ұжымына алғысын білдірді.
3. Директордың ОІЖ орынбасары М.К.Досымбекова «PISA халықаралық зерттеуі және білім берудегі функционалдық сауаттылық» тақырыбында РISA-ның ФС-та маңыздылығы туралы, оқушылардың нәтижелері сараптамасы тыңдалды.
4. Физика пәнінің мұғалімі Жәңгірбай Д.М. Функционалдық сауаттылық - ғылыми-жаратылыстану және математика пәндерінде жүзеге асырылу шараларына, жұмыстардың жүзеге асырылуы барысында лицейдің жобалау технологиясымен жұмыс нәтижелері туралы сараптама жасады.
5. Бекбергенова Б.С. “Олимпиада, ғылыми жоба - білімнің биік шыңы” лицейіміздің табысты қадамдары.
1-бөлімнің жалғасы семинар қонақтарымен лицейдің С.А. Ходжиков атындағы музейі, “Абай әлемі”, “Математика әлемі” безендірілген зал, арнайы бұрыштарына экскурсия жасап, лицей оқушылары таныстырды.
Мектеп фойесінде ұйымдастырылған ғылыми-жаратылыстану, математика-информатика кафедра мұғалімдері оқушылардың тәжірибелік көрмелері ұйымдастырылды.
Кафедра жетекшілері Адырова Райгүл Абдиманапқызы, Жумагулова Айжан Жұмақынқызына және білікті де білімді ұстаздарымызға алғысымыз шексіз дегіміз келеді!
🙌 🙌 🙌
Оқушылар өздерінің лицейде алған білімдерін тәжірибелері арқылы жоғарыдан көрсете білді. Ат салысқан, белсенділік танытқан ЛИЦЕЙ ОҚУШЫЛАРЫНА алғысымызды білдіреміз!