“Эссе жазу дағдыларын дамыту жолдары” тақырыбында қалалық ғылыми-практикалық семинар өткізілді. » 39 лицей
Алматы қаласы Білім басқармасының
"Cұлтан-Ахмет Қожықов атындағы №39 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)2-72-11-79
Есепші бөлімі:
+7(727)2-22-18-31
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “Эссе жазу дағдыларын дамыту жолдары” тақырыбында қалалық ғылыми-практикалық семинар өткізілді.
22
ақпан
2024

“Эссе жазу дағдыларын дамыту жолдары” тақырыбында қалалық ғылыми-практикалық семинар өткізілді.








19.02 күні лицейде Алматы қаласы Білім басқармасы, ҚББЖТҒӘО оқу-ісі жөніндегі бөлімінің қазақ тілі және әдебиет пәнінің әдіскері Шакретова Қаламқас Базарбаевнаның басшылығымен қазақ тілі және әдебиет пәні бойынша “Эссе жазу дағдыларын дамыту жолдары” тақырыбында қалалық ғылыми-практикалық семинар өткізілді.
Мақсаты: оқушыларды эссе жазу дағдыларына үйрету бойынша мұғалімдердің кәсіби біліктілігін дамыту. Оқтыту мен оқудағы тиімді әдіс-тәсілдермен, тәжірибелермен бөлісу. Семинарда Алматы қаласы мектептерінен 9 мұғалім іс-тәжірибесімен бөлісіп, қаланың 8 ауданы мектептерінен қазақ тілі мен әдебиет мұғалімдері қатысты. Ғылыми-практикалық семинардың 39 лицейде ұйымдастырылып өткізілуіне түрткі бола білген лицей директоры Маликова Найла Токтамуратовна алғы сөз сөйлеп, лицейдің оқу-тәрбие жұмыс бағыттарының жетістіктері мен нәтижелерін атап өтті.
Семинар бағдарлама жоспарына сәйкес №39 лицей директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Досымбекова Меруерт Казакбаевна “Білім беруді стратегиялық және тактикалық басқару, жоспарлау” тақырыбында тәжірибесімен бөлісті. Мектебіміздің ұстаздары: Байкожаева Жанат Мухамыровна 9 “Ә” сыныбымен Т.Айбергенов “Сағыныш” өлеңі, Динабекова Алина Айбекқызы 5 “Ә” сыныбымен “Көлік түрлері” тақырыптарында ашық сабақтарын өткізсе, Аманов Нұржігіт Бердібекұлы “Толық адам идеясы: Абай шығармашылығы және бүгінгі оқыту мен оқу” тақырыбында Алматы қаласы мектептерінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімдері арасында іс-тәжірибесімен бөлісті.Қатысқан ұстаздар тарапынан өзара пікіралмасу, қатысқан сабақтарын талдау барысында әдістемелік көмек, қолдау көрсетуде берері мол семинар болды. Семинар қорытындысында іс-тәжірибелерімен бөліскен ұстаздар Білім басқармасы ҚББЖТҒӘО-ның Құрмет грамоталарымен марапатталды