2022жылдың 21.09 күні "Цифрландыру - бүгінгі білім берудегі жаңа негізгі бағыт" тақырыбында республика көлемінде мектеп директорларының қатысуымен рес » 39 лицей
Алматы қаласы Білім басқармасының
"Cұлтан-Ахмет Қожықов атындағы №39 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)2-72-11-79
Есепші бөлімі:
+7(727)2-22-18-31
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2022жылдың 21.09 күні "Цифрландыру - бүгінгі білім берудегі жаңа негізгі бағыт" тақырыбында республика көлемінде мектеп директорларының қатысуымен рес
23
қыркүйек
2022

2022жылдың 21.09 күні "Цифрландыру - бүгінгі білім берудегі жаңа негізгі бағыт" тақырыбында республика көлемінде мектеп директорларының қатысуымен рес

2022жылдың 21.09 күні "Цифрландыру - бүгінгі білім берудегі жаңа негізгі бағыт" тақырыбында республика көлемінде мектеп директорларының қатысуымен республикалық семинар өткізілді. Семинар жұмысы "Кездесу.Танысу"., теориялық, тәжірибелік 3 бөлім бойынша ұйымдастырылды. Келген қонақтарды қарсы алып, І бөлімде лицейдің музейімен тарих пәні мұғалімі М.Ж.Утенова, А.Құнанбаевтың әдеби-таным залымен Ж.М Байкожаева, "STEM" (робототехника) үйірмесі жұмысымен үйірме жетекшісі С.Б.Мустафин жұмыс бағыттарымен таныстырды. Семинардың теориялық бөлімінде лицей директоры Н.Т. Маликова дарынды оқушымен жұмыс барысына тоқталып, лицейдің жұмыс істеудің негізгі басымдықтарымен таныстырып өтті, Сондай-ақ, семинар бағдарламасына сәйкес директордың бейіндік оқыту ісі бойынша орынбасары Г.Б.Сартбаева "Білім берудегі стратегиялық және тактикалық басқару, жоспарлау" тақырыбымен лицей жұмысының даму жоспары және диагностикалық, аналитикалық талдау, рейтингтік сараптамалар және стратегиялық жоспарлаудың маңыздылығы көрсетілді. Тәжірибелік бөлімде 3 топқа бөлініп қатысушылар шебер-сыныптарға қатысты. Негізгі тақырып цифрлық технологияның білім беруде мүмкіндіктері, ұтымдылықтары барысында цифрлық технологиялармен жұмыстар жүргізілді. Шебер-сыныптарда тәжірибелерімен бөліскен ұстаздар: директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, тарих пәнінің мұғалімі М.К.Досымбекова, Ж.М.Рахманов, қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі Ж.М. Байкожаева, филология кафедра жетекшісі, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Бектурганова Г.Д., тарих пәні мұғалімі Ш.К.Искакова, математика пәні мұғалімі Қанатова Ә.Қ., информатика пәні мұғалімі Г.А. Малыбаева. Семинар соңында қатысушылармен кері байланыс орнатылып, өзара пікіралмасу жұмыстарымен қорытындыланды.