"Қашыктықтан онлайн оқытуда сапалы білім берудің өзекті мәлелері" » 39 лицей
Алматы қаласы Білім басқармасының
"Cұлтан-Ахмет Қожықов атындағы №39 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)2-72-11-79
Есепші бөлімі:
+7(727)2-22-18-31
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » "Қашыктықтан онлайн оқытуда сапалы білім берудің өзекті мәлелері"
28
қаңтар
2021

"Қашыктықтан онлайн оқытуда сапалы білім берудің өзекті мәлелері"

2021 жылдың 28 ақпанында оффлайн режимде "Қашыктықтан онлайн оқытуда сапалы білім берудің өзекті мәлелері" тақырыбында лицейдің жас мамандарына арналған әдістемелік семинар өткізілді. Семинар барысында жас ұстаздармен коучинг ұйымдастырылып, топпен жұмыс барысында ДЖИГСО әдісімен өмір, оқушы, мұғалім, ата-анаға байланысты сұрақтарды өздері туындатып, топтар бір-бірлерімен сұрақтарымен алмаса отырып, ортақ шешімін табу жолдарын іздестіріп, топпен қорғау жұмыстары жүргізілді. Әр топқа модераторлар бекітіліп, ДОІЖО М.К. Досымбекова мен қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Н.Б Аманов топ мүшелеріне нақты нұсқаулар беріп, белсенділіктерін арттыру іс-шараларын жандандыра білді. Әр жас маман өздері білетін, қолданып жүрген жаңа тәсіл, стратегия, рефлексия түрлерін ұсынып, қабырғаға іліп, әдістемелік тәжірибе көрмесін безендіріп, үнемі тәжірибе, теория, тұжырым бірлігі қалыптастырылып отырды. Жас мамандармен жұмыстың басты ұйымдастырушысы ДҒӘЖЖО Г.Б. Сартбаева. Семинардың басты мақсаты, жас ұстаздар өз жұмыстарын жүйелеу, жинақтап, реттеп отыру бағытына арналды. Ұйымдастырушының іс-әрекетке бағыттап отыруы және барлық іс-әрекеттер 90° қатысушылар арқылы жүзеге асуы арқылы оқушыға да осы жүйеде білім берілуі керектігі түсінікті болды. Семинар апта сайын жалғасын таппақ.