17
желтоқсан
2025
Лицейде қаржылық сауаттылықты арттыру жұмыстары жүргізілуде



Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің бастамасы аясында Мемлекет басшысының 2024 жылғы 2 қыркүйектегі Жолдауын іске асыру мақсатында С.А. Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицейде оқушылардың қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды.
Аталған жоба шеңберінде 12–15 жас аралығындағы оқушыларға арналған, қолжетімді әрі түсінікті форматта дайындалған қаржылық сауаттылық бойынша 16 қысқа бейнесабақ ұсынылды. Бейнесабақтар мемлекеттік және орыс тілдерінде әзірленген.
Сабақтарда жеке бюджетті тиімді басқару, банктік карталарды қауіпсіз пайдалану, онлайн ортадағы қаржылық қауіпсіздік, қаржылық қателіктердің алдын алу, жинақтау мен инвестициялау негіздері, сондай-ақ қаржылық алаяқтықтан қорғану жолдары қамтылған.
Бейнематериалдар Fingramota.kz-тің YouTube-тегі ресми арнасында және әлеуметтік желілердегі @fingramota.kz парақшаларында жарияланған.
Осындай іс-шаралар арқылы лицейімізде оқушылардың қаржылық мәдениетін қалыптастыруға, жеке қаржысын дұрыс басқаруға үйретуге және болашақта саналы қаржылық шешім қабылдай алатын тұлға тәрбиелеуге баса мән берілуде.