09
желтоқсан
2025
С.А. Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицейде «Жеке қауіпсіздік» тақырыбында тәрбие сабағы өткізілді

С.А. Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицейде
«Жеке қауіпсіздік» тақырыбында тәрбие сабағы өткізілді
Лицейімізде оқушылардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру, күнделікті өмірде өзін қорғай білу дағдыларын дамыту мақсатында «Жеке қауіпсіздік» тақырыбында тәрбие сабағы ұйымдастырылды.
Сабақ барысында оқушылар:
Жеке қауіпсіздік ережелері;
Қауіпті жағдайларды алдын ала тану;
Интернеттегі қауіпсіздік нормалары;
Бөтен адамдармен қарым-қатынас кезіндегі сақтық шаралары;
Төтенше жағдай кезіндегі дұрыс әрекет ету жолдары туралы толық мағлұмат алды.
Практикалық мысалдар, қысқа бейнематериалдар мен жағдайлық тапсырмалар арқылы оқушылар өз білімдерін бекітті. Сабақта белсенді пікір алмасу болып, әр оқушы өз тәжірибесімен бөлісті.
Іс-шара лицей оқушыларының қауіпсіздік туралы түсінігін кеңейтіп, жауапкершілік дағдыларын нығайтуға ықпал етті.