24
қараша
2025
«Жеке қауіпсіздік — әр оқушының жауапкершілігі» тақырыбында тәрбие сағаты өтті.

С.А. Ходжиков атындағы 39 мамандандырылған лицейінде
«Жеке қауіпсіздік — әр оқушының жауапкершілігі» тақырыбында тәрбие сағаты өтті.
🔸 Сабақ барысында оқушыларға:
– қауіпті жағдайларды дер кезінде тану;
– бейтаныс адамдармен қарым-қатынас жасау ережелері;
– интернеттегі қауіпсіздік нормалары;
– жолда жүру тәртібі мен өз өмірін қорғау дағдылары
түсіндірілді.
🔹 Оқушылар күнделікті өмірде қауіптің алдын алу, өзін-өзі дұрыс қорғау және төтенше жағдайларда әрекет ету жолдарын меңгерді.
🔸 Лицейде оқушылардың қауіпсіздігі – басты назарда.
Осындай білімді арттыратын шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады.