Алматы қаласы Білім басқармасының
"Cұлтан-Ахмет Қожықов атындағы №39 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)2-72-11-79
Есепші бөлімі:
+7(727)2-22-18-31
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » С.А. Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицейде «Жол қозғалысы ережелері – қауіпсіздік кепілі» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді
09
желтоқсан
2025

С.А. Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицейде «Жол қозғалысы ережелері – қауіпсіздік кепілі» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді


С.А. Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицейде
«Жол қозғалысы ережелері – қауіпсіздік кепілі» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді

Лицейімізде оқушылардың жолдағы жүріс-тұрыс мәдениетін қалыптастыру, қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңызын түсіндіру мақсатында «Жол қозғалысы ережелері (ПДД)» тақырыбында тәрбиелік сабақ ұйымдастырылды.

Сабақ барысында оқушылар:

Жол қозғалысы ережелерінің негізгі талаптары;

Жаяу жүргіншілерге арналған қауіпсіздік қағидалары;

Жол белгілерінің түрлері мен мағынасы;

Қауіпті жағдайлардың алдын алу жолдары;

Мектепке келу және үйге қайту кезінде сақтық шаралары туралы толық мағлұмат алды.

Іс-шарада бейнематериалдар көрсетіліп, жол белгілерін тану, жағдайлық тапсырмаларды шешу, сұрақ-жауап жұмыстары жүргізілді. Оқушылар белсенділік танытып, өз тәжірибелерімен бөлісті.

Тәрбие сағаты лицей оқушыларының жауапкершілігін арттырып, жолдағы қауіпсіз мінез-құлықты қалыптастыруға оң әсер етті.