09
желтоқсан
2025
С.А. Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицейде «Алматы — таза қала» тақырыбында тәрбие сағаты өтті

С.А. Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицейде
«Алматы — таза қала» тақырыбында тәрбие сағаты өтті
Лицейімізде экологиялық мәдениетті қалыптастыру, оқушылардың табиғатқа жауапкершілікпен қарау дағдыларын арттыру мақсатында «Алматы — таза қала» атты тәрбие сағаты өткізілді.
Сабақ барысында оқушылар:
Қаланың экологиялық жағдайы және тазалықтың маңызы;
Қалдықтарды дұрыс сұрыптау ережелері;
Қоршаған ортаны қорғаудың қарапайым тәсілдері;
Әр тұрғынның қала тазалығына қосатын жеке үлесі туралы жан-жақты мәлімет алды.
Тәрбие сағатында бейнематериалдар көрсетіліп, экологиялық мәдениет бойынша шағын талқылау ұйымдастырылды. Оқушылар өз ұсыныстарын айтып, қала тазалығын сақтау туралы ойларымен бөлісті.
Іс-шара лицей оқушыларының экологияға деген көзқарасын нығайтып, туған қаламызды таза ұстап, жауапкершілікпен қарауға ынталандырды.