09
желтоқсан
2025
С.А. Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицейде «Адал азамат» тақырыбында тәрбие сағаты өтті

С.А. Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицейде
«Адал азамат» тақырыбында тәрбие сағаты өтті
Лицейімізде оқушылардың адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, адалдық пен әділдік құндылықтарын дәріптеу мақсатында «Адал азамат» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
Сабақ барысында оқушылар:
Адалдық ұғымының мәні;
Қоғамдағы әділдік пен жауапкершілік принциптері;
Жеке мінез-құлықтағы туралықтың маңызы;
Адал азаматтың негізгі қасиеттері туралы жан-жақты ақпарат алды.
Тәрбие сағатында бейнематериал көрсетіліп, пікірталас ұйымдастырылып, оқушылар өз ойларын ашық білдірді. Сонымен қатар, күнделікті өмірде адалдықты қалай сақтау керек деген сұрақтар төңірегінде талдау жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара оқушылардың адамгершілік құндылықтарын дамытуға, саналы әрі адал азамат болып қалыптасуына оң әсер етті.