24
қараша
2025
«Алматы – таза қала» тақырыбында тәрбие сағаты ұйымдастырылды.

С.А. Ходжиков атындағы 39 мамандандырылған лицейінде
«Алматы – таза қала» тақырыбында тәрбие сағаты ұйымдастырылды.
🔹 Сабақтың негізгі мақсаты – оқушыларға қоршаған ортаны қорғаудың маңызын түсіндіру, табиғатқа жанашырлықпен қарау және өз қаласына жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыру.
🔸 Тәрбие сағатында оқушылар:
– Алматы қаласының экологиялық жағдайы;
– қоқысты сұрыптаудың пайдасы;
– қоғамдық орындарды таза ұстау ережелері;
– табиғатты қорғауға әр азаматтың қосатын үлесі
туралы мәлімет алды.
🔹 Оқушылар қоршаған ортаны ластамау, көшеде, мектеп ауласында және қоғамдық орындарда тәртіп сақтау жөнінде пікір алмасып, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға арналған ойдарын ортаға салды.
🌱 Лицейімізде экологиялық тәрбиені дамыту – басты бағыттардың бірі.
Таза қала — мәдениетті қоғамның белгісі!