19
қазан
2025
«Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы – біздің лицейден басталады!




«Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы – біздің лицейден басталады!
С.А.Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицей ұжымы мен оқушылары қоршаған орта тазалығына жауапкершілікпен қарап, «Таза Қазақстан» республикалық акциясына белсенді түрде үн қосты.
Лицей аумағы мен маңайында тазалық жұмыстары жүргізіліп, оқушыларға экологиялық мәдениет, табиғатты аялау, қоқысты сұрыптау және жауапты өмір салты туралы түсіндіру жұмыстары өткізілді. Әрбір жас ұлан табиғатты қорғау – болашаққа қосқан үлес екенін сезіне білді.
Бұл бастама – тек бір реттік шара емес, лицейіміздің тұрақты экологиялық бағыттағы жұмыстарының жалғасы.
Таза орта – жарқын болашақтың кепілі!