19
қазан
2025
Таза Қазақстан – таза білім ордасынан басталады!



Таза Қазақстан – таза білім ордасынан басталады!
С.А.Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицей оқушылары мен мұғалімдері экологиялық жауапкершілікті насихаттау мақсатында тазалық акциясын өткізді.
Лицей жастары айналаны абаттандырып, қоқыс жинау, жасыл желекті қорғау және табиғатты күтіп ұстау бағытында нақты іс-шаралар атқарды. Балаларға экобілім беріліп, «тазалық мәдениеті – азаматтық сананың көрсеткіші» екені түсіндірілді.
Бұл жұмыстың мақсаты – тек аумақты таза ұстау емес, әр оқушының санасына табиғатты аялау дағдысын қалыптастыру. Лицейіміздің экологиялық белсенділігі – өзгеріс жасауға дайын ұрпақтың белгісі.
Табиғатты қорғау – әрқайсымыздың міндетіміз!