17
желтоқсан
2025
«Досболайық – татулықтың бастауы»

С.А. Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицейінде оқушылар арасында достық қарым-қатынасты нығайту, өзара сыйластық пен түсіністікті қалыптастыру мақсатында «Досболайық» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
Тәрбие сағаты барысында достықтың адам өміріндегі маңызы, бір-бірін құрметтеу, қолдау көрсету, кикілжіңді бейбіт жолмен шешу және бірлік сақтаудың тәрбиелік мәні туралы айтылды. Оқушылар өз ойларын ортаға салып, достыққа адал болудың маңызын түсінді.
Шараның негізгі мақсаты – оқушыларды татулыққа, мейірімділікке, сыйластыққа және ұжымда бірлесе әрекет етуге тәрбиелеу.
Достық – жүректен басталатын асыл қасиет.