Алматы қаласы Білім басқармасының
"Cұлтан-Ахмет Қожықов атындағы №39 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)2-72-11-79
Есепші бөлімі:
+7(727)2-22-18-31
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Көмек – адамгершіліктің көрінісі»
17
желтоқсан
2025

«Көмек – адамгершіліктің көрінісі»


С.А. Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицейінде оқушыларды мейірімділікке, жанашырлыққа және өзара қолдауға тәрбиелеу мақсатында «Көмек» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.

Тәрбие сағаты барысында көмек көрсетудің маңызы, өзгеге қол ұшын созудың адам өміріндегі орны, қиын жағдайға тап болған жандарға қолдау білдірудің тәрбиелік мәні түсіндірілді. Оқушылар мейірімділік пен жанашырлықтың қоғамдағы рөлі туралы өз ойларымен бөлісті.

Шараның басты мақсаты – оқушылардың бойында адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру, қайырымдылыққа, бірлік пен сыйластыққа баулу.

Жақсылық жасау – әр азаматтың парызы.