03
желтоқсан
2025
Лицейде «Көмек көрсету – адамгершіліктің белгісі» тақырыбында тәрбиелік мәні жоғары сабақ өткізілді.

С.А. Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицейде «Көмек көрсету – адамгершіліктің белгісі» тақырыбында тәрбиелік мәні жоғары сабақ өткізілді.
Сабақтың мақсаты – оқушыларды бір-біріне қолдау көрсетуге, мейірімділікке, жауапкершілікке тәрбиелеу. Шара барысында оқушылар көмек көрсетудің түрлері, қиын жағдайда досқа, жақынға, қоғамға қол ұшын созудың маңызы туралы пікір алмасты. Әртүрлі өмірлік жағдаяттар талқыланып, дұрыс шешім қабылдау жолдары көрсетілді.
Осындай тәрбие сағаттары оқушылардың бойында ізгілік, өзара сыйластық пен жанашырлық қасиеттерін қалыптастыруға ықпал етеді.