03
желтоқсан
2025
С.А. Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицейде «Құқықтық білім беру» тақырыбында тәрбиелік маңызы жоғары сабақ өткізілді.

С.А. Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицейде «Құқықтық білім беру» тақырыбында тәрбиелік маңызы жоғары сабақ өткізілді.
Сабақ барысында оқушылар өз құқықтары мен міндеттері туралы ақпарат алды, күнделікті өмірде заң талаптарын сақтау, жауапкершілікпен әрекет ету, азаматтық ұстанымды қалыптастыру мәселелері талқыланды. Түрлі құқықтық жағдаяттар қарастырылып, оқушылар өз ой-пікірлерін еркін білдірді.
Осындай құқықтық сауаттылыққа бағытталған шаралар оқушылардың заңды құрметтеу мәдениетін қалыптастырып, саналы, жауапты азамат болып өсуіне ықпал етеді.