«Жаңашылдық және шығармашылық – заман талабы» тақырыбында республикалық семинар » 39 лицей
Алматы қаласы Білім басқармасының
"Cұлтан-Ахмет Қожықов атындағы №39 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)2-72-11-79
Есепші бөлімі:
+7(727)2-22-18-31
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Жаңашылдық және шығармашылық – заман талабы» тақырыбында республикалық семинар
16
мамыр
2022

«Жаңашылдық және шығармашылық – заман талабы» тақырыбында республикалық семинар

2022 жылдың 05  мамырында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалында біліктілікті арттыру курсында оқып жатқан математика мұғалімдері шақырылып, математика пән мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Жаңашылдық және шығармашылық – заман талабы» тақырыбында республикалық семинар өткізілді. Лицей директоры Н.Т. Маликова мен «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамы «Алматы облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалының директоры  Г. Онланбекқызымен «Ынтымақтастық және бірлескен әрекеттер туралы" келісім-шартқа қол қойылды.
Семинардың 1-бөлімінде: 
1. Семинар қонақтарын қарсы алу (акт залы), Лицей әкімшілігі.
2. «Абай әлемі» таным залы: Абай Құнанбаевтың 175-жылдығына орай безендірілген таным залымен таныстыру. Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Н.Б. Аманов - «Абай әлемі» залының авторы, 
3. Математика әлемі фойесімен таныстыру.  Математика пәні мұғалімі А.А. Әшірова.
4. «Оқуға құштар мектебі» жұмысымен таныстырды, жауаптылар: А.К. Ахметова - кітапханашы, тарих пәні мұғалімі М.Ж. Утенова.
 Семинардың 2-бөлімі:
1. Лицей директорының алғы сөзі: «Замануи мектеп - заман талабы», мектептің жаңашылдыққа бейімделуде жаңа бағытта лицей ғимаратының әрбір бұрыштары мен фойе, залдарының безендіру үлгілерімен таныстырды, лицей директоры Н.Т. Маликова.
2. «Дарынды ұрпақ - болашақтың кепілі» Көрсеткіштер.Нәтижелер. Қорытындылар. ДББОЖО 
Г.Б. Сартбаева.
3. «Айналу денелері және олардың элементтері (шебер-сынып) математика пәні мұғалімі К.А. Сеитова
4. «Күрделі есептерді шығарудың тиімді тәсілдері» (математикалық есептерді шығару практикумы) 
математика пәні мұғалімі
 А.С. Дуйсенбаева.
5. «Математика сабағында қолданылатын сандық технологиялар»  Digital тренинг, кафедра жетекшісі 
Г.Б. Молдаханова, математика пәні мұғалімі Б.Б. Мәсіпов сынды ұстаздар іс-тәжірибелерімен бөлісті. Семинар жұмысы тренер Таджибаева Г.Т. семинарда іс-тәжірибелерімен, жұмыс жүйелерімен бөліскен ұстаздарды марапаттау сәтімен қорытындылады. Лицей директоры Маликова Н.Т. «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалының « Құрмет грамотасымен», Дүйсенбаева А.С., Сартбаева Г.Б., Молдаханова Г.Б., Мәсіпов Б.Б. «Алғыс хаттармен» марапатталды.