Лицейіміздің білікті ұстазы Аманов Н.Б. «Оқу сауаттылығын дамыту бойынша жұмыстың әдістері мен нысандары» тақырыбында қала көлемінде семинар өтті. » 39 лицей
Алматы қаласы Білім басқармасының
"Cұлтан-Ахмет Қожықов атындағы №39 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)2-72-11-79
Есепші бөлімі:
+7(727)2-22-18-31
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Лицейіміздің білікті ұстазы Аманов Н.Б. «Оқу сауаттылығын дамыту бойынша жұмыстың әдістері мен нысандары» тақырыбында қала көлемінде семинар өтті.
12
желтоқсан
2023

Лицейіміздің білікті ұстазы Аманов Н.Б. «Оқу сауаттылығын дамыту бойынша жұмыстың әдістері мен нысандары» тақырыбында қала көлемінде семинар өтті.






2023 жылдың 06 желтоқсан күні «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Республикалық кәсіби даму институты мен Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы бірлесіп «Оқу сауаттылығын дамыту бойынша жұмыстың әдістері мен нысандары» тақырыбында қала көлемінде семинар өтті.

Семинарда лицейіміздің білікті ұстазы, "Алматының жыл мұғалімі-2021", Х Халықаралық педагогикалық олимпиаданың, қалалық "Педолимп-2023" байқауының, "Педагогикалық технологиялар панорамасы" байқауының, "Бала Абайдан - дана Абайға дейін", "Абай әлемі", республикалық "Педоқулар" байқауының жеңімпазы, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Аманов Нұржігіт Бердібекұлы "Оқу сауаттылығын дамытудағы кедергілер мен шешудің жолы" тақырыбында шеберлік сабағын өтіп, өз тәжірибесімен бөлісті.

Семинар барысында халықаралық PISA тапсырмаларының нәтижесі талқыланып, оқу сауаттылығын дамытудағы мәселелерді анықтап, шешудің тиімді жолдары ұсынылды.