"Алматының жыл мұғалімі - 2021 » 39 лицей
Алматы қаласы Білім басқармасының
"Cұлтан-Ахмет Қожықов атындағы №39 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)2-72-11-79
Есепші бөлімі:
+7(727)2-22-18-31
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Алматының жыл мұғалімі - 2021
09
қазан
2023

"Алматының жыл мұғалімі - 2021

5 қазан ұстаздар мерекесіне орай "Ұстаз" кәсіподақ ұйымы ұстаздық жолда табысты еңбек етіп жүрген ұстаздардың суретін қала көшелеріне ілді. Осындай бастама аясында лицейіміздің білікті ұстазы, "Алматының жыл мұғалімі - 2021", Х Халықаралық педагогикалық олимпиаданың жеңімпазы, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Аманов Нұржігіт Бердібекұлының суреті Төле би-Әйтиев көшелерінің қиылысына ілінді.

Қалалық "Ұстаз" кәсіподақ пен Алмалы Кәсіподақ филиалының ұжымына ұстаз мәртебесін, кәсіби беделін көтеруге негіз болатын бастамалардың ұйытқысы бола білгені үшін шексіз алғыс білдіреміз!

Ұстаздар қауымының еңбегін насихаттау - қоғамдық сана мен көзқарастың өзгеруіне негіз болады. Осындай қолдауға ие болған ұстаздардың ұрпақ алдындағы жауапкершілігі еселене түспек. "Ұстаз" кәсіподақ ұйымының ұжымына толағай табыс тілейміз