Ұстаздарымыз Сингапур мемлекетінде “Marshall Cavendish Education” компаниясының құзыреттілігін арттыру бағдарламасымен тәжірбие алмасып келді » 39 лицей
Алматы қаласы Білім басқармасының
"Cұлтан-Ахмет Қожықов атындағы №39 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)2-72-11-79
Есепші бөлімі:
+7(727)2-22-18-31
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ұстаздарымыз Сингапур мемлекетінде “Marshall Cavendish Education” компаниясының құзыреттілігін арттыру бағдарламасымен тәжірбие алмасып келді
23
қазан
2024

Ұстаздарымыз Сингапур мемлекетінде “Marshall Cavendish Education” компаниясының құзыреттілігін арттыру бағдарламасымен тәжірбие алмасып келді

https://www.instagram.com/reel/DBcHVNkC3Ct/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

Алматы қаласын дамытудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы аясында 2024 жылдың 7-17 қыркүйек аралығында математика мұғалімдері Сеитова К.А. және Молдаханова Г.Б. Сингапур мемлекетінде “Marshall Cavendish Education” компаниясының құзыреттілігін арттыру бағдарламасымен оқушылардың математика және жаратылыстану сауаттылығын дамыту курсынан өтіп, тағылымдама сертификатына ие болды.
Сингапурлық тәжірибе негізінде каскадты
оқыту әдісі бойынша 2024 жылдың 14-18.10 аралығында лицейдің математика мұғалімдеріне семинар сабақтарды ұйымдастырып өткізді, жұмыс жоспары жасалып:
- халықаралық әріптестер тарапынан ұсынылған материалдар бойынша каскадты әдіс негізінде тәжірибе алмасу және үздік тәжірибелерді енгізу;
- жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерден 5-9 сыныптарға сабақ беретін педагогтердің біліктілігін арттыру және функционалды сауаттылыққа байланысты заманауи әдістеме негізінде оқыту;
- оқушылардың функционалдық сауаттылығы мен аналитикалық дағдыларын дамыту мақсатында Алматы қаласы мектептерінен тренерлер дайындау мақсат-міндеттері жүзеге асырылды.

Тапсырманы орындау барысында:
- Әр тренер-педагог мектептегі ғылыми-жаратылыстану, математика пәндері бойынша мұғалімдерінің санын ескере отырып, топ құрамын қалыптастырды;
- Тренер-педагог өз әрекетін конструктивті кері байланыс беру арқылы үйлестірді;
- Жұмыс аймағын (қай жерде өтетінін) ұйымдастырды; ;
- Тренер-педагогтер тапсырманың әрбір күні бойынша қадағалаушы әдіскер маманға рефлексиялық есебін өткізу жұмыстары талапқа сай жүргізілді.
Соңғы күні лицей педагогтерімен өзара пікір алмасып, жұмыс барысын жандандыру шаралары жоспарланды.