«Ұлыбританияның білім беру жүйесі, стратегиялары мен тәжірибелері» атты тағылымдамадан өтті. » 39 лицей
Алматы қаласы Білім басқармасының
"Cұлтан-Ахмет Қожықов атындағы №39 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)2-72-11-79
Есепші бөлімі:
+7(727)2-22-18-31
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Ұлыбританияның білім беру жүйесі, стратегиялары мен тәжірибелері» атты тағылымдамадан өтті.
17
қаңтар
2024

«Ұлыбританияның білім беру жүйесі, стратегиялары мен тәжірибелері» атты тағылымдамадан өтті.







Алматы қаласы Білім басқармасының 2025 жылға дейінгі дамыту бағдарламасын және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективаларды «Сапалы білім беру» бөлімі бойынша іске асыру барысында Алматы қаласы білім беру саласы қызметкерлерінің (директорлар, әдіскерлер, мұғалімдер, білім басқармасының қызметкерлері) шетелде оқытудан өтуі жоспарланған еді.
12.11-25.11.2023 ж аралығында лицейіміздің математика пән мұғалімі Молдаханова Г.Б. «Ұлыбританияның білім беру жүйесі, стратегиялары мен тәжірибелері» атты тағылымдамадан өтіп келді. Өтілген орны: Лондон, Оксфорд, Кембридж, Бирмингем қалаларындағы білім беру ұйымдары.
Ұлыбритания – білім беру бойынша әлемнің үздігі және халықаралық студенттер саны бойынша көшбасшы екенін білеміз. Себебі, оқыту жүйелері сапалы деп қарастырылумен қатар, дипломдары дүниежүзіне танылған, жұмысқа орналасу мүмкіндігі өте жоғары деңгейде және еңбек нарығында әлемдік деңгейде бәсекеге түсе алады.
Білім алу жүйесі жаттап алуға емес, логикалық ойлау қабілетін дамытуға негізделген. Сонымен қатар, әр баланың болашақ өмірге икемді, сұранысқа ие маман ретінде қалыптасуына ықпалы жоғары, оқушылардың функционалдық сауаттылығы, алған білімдерін қолдана алатын бағытта оқытып-тәрбиелеу басты мүдде болып табылатынын ескере келе тағылымдамада алған әсерлерімен ұстаз ұжыммен тәжірибе алмасты. Онда математика пәнінің оқытылу бағытының ерекшеліктерімен және ұтымдылықтары барысында екі аптада көрген, танысқан бағыттар мен әрекеттері туралы ақпараттарымен бөлісті. Тағылымдаманың басты мақсаты - әрдайым тәжірибе арқылы алған, білген білімімізді мүмкіндігінше үнемі бөлісу, енгізу, қолдану.