09
қазан
2023
«Үздік білім беру ұйымы-2023 жыл»
Алматы қаласының әкімдігінің ұйымдастыруымен 2015 жылдан бері «Үздік білім беру ұйымы» конкурсы өткізіліп келеді. Биылғы яғни 2023 жылдың конкурс нәтижесі бойынша білім ордасының қара шаңырағы «С.А.Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицей» жеңімпаз атанып, қала әкімдігі атынан 56 млн теңге көлеміндегі грант иегері болдық. Айтулы жеңіспен лицейіміздің ұжымын шын жүректен құттықтай отырып, алар асуымыз бұдан жоғарылап, лицейіміздің абыройы арта берсін дегіміз келеді. Жеңіс құтты болсын!