2023 жыл бойынша қорытынды » 39 лицей
Алматы қаласы Білім басқармасының
"Cұлтан-Ахмет Қожықов атындағы №39 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)2-72-11-79
Есепші бөлімі:
+7(727)2-22-18-31
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2023 жыл бойынша қорытынды
27
желтоқсан
2023

2023 жыл бойынша қорытынды











С.А.Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицей Дарын РҒПО орталығының «Үздік мамандандырылған білім беру ұйымы 2023» номинациясы бойынша жеңімпаз атанып, арнайы статуэткамен марапатталды.
Алматы қаласы бойынша «Орта білім беретін үздік ұйым-2023» конкурс нәтижесі бойынша білім ордасы «С.А.Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицей» жеңімпаз атанып, қала әкімдігі атынан 56 млн. теңге көлеміндегі грант иегері болдық.
📚 Лицейіміздің оқу ісі жөніндегі директордың орынбасары, тәжірибелі ұстаз Кокебаева А.К. және қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, тәжірибелі ұстаз Сарымбетова К.К. Оқу-ағарту министірлігінің «Еңбек ардагері» медальімен марапатталды.
📚«Ұстаздар мерекесі» қарсаңында лицей директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, тарих пәнінің мұғалімі Досымбекова М.К Дарын РҒПО 25 жылдық медальімен марапатталды.
📚 Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Аманов Нұржігіт Бердібекұлы “Дарын” РҒПО 25 жылдық мерейтойына арналған төсбелгімен марапатталды.
Назарбаев Университетіне ең көп оқушы түскен үздік мектеп ретінде, NU атынан С.А.Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицейге алғыс хат табысталды!💥
Францияның Марсель қаласында WKF каратэ спортынан өткен Халықаралық «Marseille open» турнирінде 13-14 жас категориясында лицейіміздің 8 «ә» сынып оқушысы Мұрат Арлан 1-орын 🥇 иеленіп алтыннан медаль алды.
Алматы қаласы “Дарын” орталығы тарапынан 1-орын иегерлеріне “Меломан” холдингінің 15000теңге, 2-орын иегерлеріне 10000 теңге, 3-орын иегерлеріне 5000 теңге бонустық картасы сыйлыққа берілді.
Халықаралық, Республикалық, Қалалық ғылыми жоба байқауы бойынша және олимпиядадан жеңімпаз оқушыларымыз да жетерлік.
🇰🇿Алматы қаласы “Alma tv” корпорациясының ұйымдастыруымен қаламыздың ең үздік білім беру ұйымы атанған С.А. Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицей туралы сюжет түсірілді. Сюжетте грант иеленген білім беру ордасының жаңадан жабдықталған кабинеттері көрсетіліп, мектептегі іс-шаралар жайлы түсініктеме берілді, оқушылардың мектеп туралы пікірлері баяндалды.