26
қаңтар
2026
Ашық сабақтар айлығы





6 “Б” сыныбымен қазақ тілі пәнінен “Қазақстандағы көлдер. Болымсыз есімдігі”тақырыбында өткізілген ашық сабақ жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Пән мұғалімі, Анар Ақанқызы, сабақтың мазмұнын толық ашып, мақсаттың нақты әрі жүйелі орындалғанын көрсете білді. Сабақ барысында қолданылған әртүрлі әдіс-тәсілдер оқушылардың қызығушылығын арттырып, белсенді қатысуына ықпал етті. Мұғалімнің шебер ұйымдастыруы мен кері байланысты тиімді қолдануы сабақ мақсатының толық жүзеге асуына мүмкіндік берді. Жалпы, сабақ мазмұнды, тартымды және нәтижелі өтті!