Алматы қаласы Білім басқармасының
"Cұлтан-Ахмет Қожықов атындағы №39 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)2-72-11-79
Есепші бөлімі:
+7(727)2-22-18-31
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Әдіс-тәсілге толы сабақтар
21
желтоқсан
2021

Әдіс-тәсілге толы сабақтар

Қазақ тілі мен әдебиет онкүндігі аясында пән мұғалімі Байкожаева Ж.М. 8 "Ә"-сыныбымен әдебиеттен "Мұрат Мөңкеұлының "Сарыарқа" өлеңіндегі ақын қайғысы" тақырыбында ашық сабағы  тыңдалым, оқылым, жазылым жұмыстарында "Кездейсоқ", "Айналмалы шеңбер",  ДЖИГСО әдістерін қолданып, 4 топ оқушыларымен жан-жақты жұмыстар жүргізді.
    Пән мұғалімі Динабекова А.А. 6 "Ә" сыныбымен "Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театры" тақырыбы арқылы коммуникативтік жағдаятқа сай ресми сөздер мен тіркестер, неологизм, диалект, кәсіби сөздердің қолданыс аясын топпен жұмыс істей отырып түсіндіре білді. Семантикалық картамен жұмыс істеліп, 3 топқа арналған шағын көрініс көрсету тапсырмасы арқылы оқушылардың шығармашылығын оята білді.