Онкүндік күнделігінен / Қоғамдық-гуманитарлық ПМК онкүндігі » 39 лицей
Алматы қаласы Білім басқармасының
"Cұлтан-Ахмет Қожықов атындағы №39 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)2-72-11-79
Есепші бөлімі:
+7(727)2-22-18-31
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Онкүндік күнделігінен / Қоғамдық-гуманитарлық ПМК онкүндігі
28
желтоқсан
2021

Онкүндік күнделігінен / Қоғамдық-гуманитарлық ПМК онкүндігі

Орыс тілі және әдебиет пәнінің мұғалімдері, лицейдің тәжірибелі, білікті ұстаздары К.У. Кубаева 9 "А" сыныбымен "Вершина казахской литературы", С.С. Турапбекова 10 "В" сыныбымен "В. Маяковский. Атлантический океан", Ж.К. Ахметжанова 9 "А" сыныбымен "А. Байтурсынов - сеятель разум" тақырыптарында өткізген ашық сабақтарында (фишбоун, ассоциативный куст, двухчастный дневник) жаңартылған мазмұнда білім берудің жаңа технологияларының әдістерін ұтымды пайдаланып, оқушылардың өз ойларын еркін айтуға, өзіндік пікірлерін қалыптастыру бағыттарында үздік сабақ түрлерін көрсетті. Сыныптан тыс жұмыс барысында "Сказки А.С. Пушкина" орыс халқының театрының күнін ұйымдастырып, оқушылардың әртістік қабілеттерімен қатар, тәрбиелік мағынасы өте зор іс-шара түрін көрсетуде пән мұғалімі С.С. Турапбекова оқушылардың дарындылығын аша білді.