“Ғылыми-жаратылыстану пәндер мұғалімдер” кафедрасының мұғалімдерінің өткізген ашық сабақтары » 39 лицей
Алматы қаласы Білім басқармасының
"Cұлтан-Ахмет Қожықов атындағы №39 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)2-72-11-79
Есепші бөлімі:
+7(727)2-22-18-31
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “Ғылыми-жаратылыстану пәндер мұғалімдер” кафедрасының мұғалімдерінің өткізген ашық сабақтары
15
ақпан
2023

“Ғылыми-жаратылыстану пәндер мұғалімдер” кафедрасының мұғалімдерінің өткізген ашық сабақтары

31.01 күні 9"г" сыныбымен физика пәнінің мұғалімі Жумагулова А.Ж "Тербелмелі қозғалыс" тақырыбында қызықты ашық сабақ өткізіп, АКТ құралдарын пайдалануда "квест", "дәлдеп көзде", "кинотеатр" әдістерін ұтымды қолданып, эксперименттік тәжірибелер орындалды.
          01.02.23 күні 10”Б” сыныбымен физика пәні мұғалімі Наукенов Д.Д. “Тізбек бөлігі үшін Ом заңы. Өткізгіштерді жалғау” тақырыбында өткізілген ашық сабағы тиянақты, көрнекілікпен, техникалық құралдар қолдануда оқушылардың белсенділігін оята білді. “Кім жылдам”, “Кездейсоқ сұрақтар барабаны”,  “ СМС " əдістері  арқылы эксперименттік тапсырмалар орындалды. "Wordwall", "Answeargarden", Castlots" тəріздес платформалары н ұтымды қолдана білді. 
      2023 жылдың 02 күні онкүндігі аясында география пәнінің мұғалімі Ш.Қ.Зарипова 9 «Г» сынып оқушыларымен «Қазақстан халқының ұлттық және діни құрамы» тақырыбында өткізген ашық сабағында сандық технологияның “Wordwall» платформасы мен «Padlet» тақтасында оқушылардың білімдерін жүйелеп, кері байланыс жасады. Тарих, математика, құқықтану, дінтану пәндерімен байланыстырып, алған білімдерін еліміздегі халықтың ұлттық құрамы мен діни құрамдарын жылдар бойынша салыстырып, талдау жұмыстарын жүргізді. Оқушылар еліміздегі ең өзекті мәселелерді «SWOT» талдау әдісі арқылы талдап, сабақта жоғары белсенділік көрсетті. Пән мұғалімі оқушыларды рухани құндылықтарға баулып, олардың патриоттық, ұлтжандылық сезімдерін оята білді.