Ашық сабақтар айлығы » 39 лицей
Алматы қаласы Білім басқармасының
"Cұлтан-Ахмет Қожықов атындағы №39 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)2-72-11-79
Есепші бөлімі:
+7(727)2-22-18-31
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ашық сабақтар айлығы
30
сәуір
2024

Ашық сабақтар айлығы


Қазақ тілі мен әдеб ет пәнінің мұғалімі Аманов Нұржігіт Бердібекұлы 6 “А” сыныбымен “Олимпиада - спорт шыңы” тақырыбымен өткен ашық сабағының басты ұстанымы - кемелденген тұлға тәрбиелеу. Осы ұстаныммен сабағының ұйымдастыру кезеңінде “Жолдама” әдісімен психологиялық жағымды ахуал қалыптастырды. Мұғалім сабақ бастамас бұрын сұрақтар қоя отырып үй тапсырмасын орындаған оқушыларға олимпиадада бақтарын сынауға жолдама берді, бағалау парағымен таныстырды. Бағалау парағы өте ұтымды жасалған. “Білім” және “Спорт” болып жолдама арқылы екі топқа бөлді. Өткен тақырып пысықталып, ұлттық ойын түрлері, әсері бойынша дескрипторге сәйкес жауап берген оқушыларға келесі жұмыс барысына жолдама беріліп отырды, тиімділігі: топқа бөлу, өткен тақырыптарды пысықтау, дифференциалды оқытуды жүзеге асыру, сындарлы оқыту теориясын жүзеге асыру, диалогтік оқыту технологиясын пайдалану. Жаңа сабақ “Болжау” әдісімен бірнеше олимпиада жеңімпаздарын көрсетіп, “Бір минут” әдісімен оқушылар кері байланыс беріп, жаңа сабақ тақырыбын ашты. Тыңдалым материалында олимпиада чемпионы Б.Саттархановты жасанды интеллект көмегімен сөйлетіп, оқыту технологиялары: диалогтік оқыту, проблемалық, ой тастау, ойланту, ойлау технологиясы негізінде тапсырмалар жасалып, “Сұрақтар ілмегі” әдісімен жеке жұмыстар орындалды. Мұғалімнің жетекші сұрақтары арқылы барлық оқушылардың пікірі тыңдалып, сабақтың белсенділігін арттыра білді. Бағалау критериіне сәйкес оқылым тапсырмасы “Астын сызып” оқу стратегиямен мәтін оқылып, топтық жұмыс орындалды. Оқушылар тапсырмамен жұмыс істеуде оқушыға ой еркіндігі мен жауапкершілікті жүктеп, топта іс-әрекет дағдысын қалыптастыру арқылы оқушы болмысына әсер ете білді. “Суреттер сөйлейді” әдісімен суреттерді бір-бірімен сәйкестендіру арқылы алған білімдері бекітілді. Сабақ соңында сабақ мақсатына қайта оралып, бүгінгі сабақ өз мақсатына жеткен немесе жетпегендігін бағалау парақшасы арқылы сабаққа рефлексия жасалды.
Оқушылардың барлығы сабаққа аса белсенділікпен қатысып, ұстаз ретінде жалпыадазаттық құндылықтарды бала бойына сіңіре білді.

Похожие публикации:

27 желтоқсан 2023 Ашық сабақтар айлығы
27 желтоқсан 2023 Ашық сабақтар айлығы