Алматы қаласы Білім басқармасының
"Cұлтан-Ахмет Қожықов атындағы №39 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)2-72-11-79
Есепші бөлімі:
+7(727)2-22-18-31
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ашық сабақтар айлығы
06
наурыз
2024

Ашық сабақтар айлығы



30.01 күні математика мұғалімі Өмірзақ Мағжан Қалымжанұлы 11 “Б” сыныбымен “Санның логарифмі және оның қасиеттері” тақырыбымен ашық сабақ өткізді. Оқу мақсатына сәйкес сабақ мақсатында логорифм ұғымы, қасиеттері, натурал және ондық логорифмдердің қажеттілігі, табиғаттағы логарифм мен практикада қолдануымен байланыстырды.
1 және 2 санмен екі топқа бөлінді. “Ой түрткі” әдісімен жаңа сабақ тақырыбы ашылды. Логорифмге мысалдар беріліп, жеке жұмыс жасалды. Топтық жұмыста оқушылардың ойын зерделеу мақсатында логорифм және мектеп тарихына қатысты т.б. деректер аясында сұрақтарға жауап беріп, оқушылар кроссворд толтырды, бірлесе негізгі сөзді тапты. Натурал және ондық логорифмдердің қажеттілігін ой-пікірлерімен бөлісу арқылы тақырыпты түсіну қалыптасты. Логорифмнің астрономия (жұлдыздың визуалды өлшемі), медицина (бактериялардың көбеюі), тарих (археологиялық қазба) биология (эволюция өзгеруі), физика (жарықтың интенсивтілігі), экономика (мемлекеттің ВВП өсуі), қаржы (кредит, депозит жүйелері), IT саласы (ақпаратты сұрыптауда) байланысын фотоэтюд, графика т.б. көріністер арқылы таныстырды. Жұптық жұмыс “Логорифм практикада” бағытында өмірден алынған практикалық есептерді шығарды. Оқушылар шешімін логорифм арқылы дәлелдеп шықты. Барлық жұмыс бағыттарында дескрипторлары болды, бағалау жүйесі ұтымды жүргізілді. Жас маман сабаққа көп ізденген, оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын қалыптастыруда өмірмен тығыз байланыстыра білген сабақ формасын көрсетті.

Похожие публикации:

27 желтоқсан 2023 Ашық сабақтар айлығы